Университет ПОҚ үшін оқыту тренингі

22-нен 24 қараша 2021 жыл аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисі мен жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің  оқу-әдістемелік  бөлімі бірлесіп «ECTS талаптарына сәйкес білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында оқыту-тренингін ұйымдастырды. Оқыту-тренингіне университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.  

Спикерлер М.А.Шмидт пен К.Н.Ахмедиева оқыту-тренингін жүргізу барысында  қатысушыларды ECTS талаптарына сәйкес білім беру және оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізгі мазмұны мен бағыттары, ережелері және  талаптарымен таныстырды.