ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТҰҒАНЫНА 175 ЖЫЛ

2021 жылдың 06 желтоқсан күні жаратылыстану факультетінде Химия мамандығының 4 курс білімгерлері мен топ кураторы Сыдыкбаева Сандугаш Аубакировна Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған кураторлық сағат өткізді.Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай тәрбие сағатын өткізді. Білімгерлер «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны атаңған Жамбыл Жабаевтың өмірбаянын еске түсіріп, өлеңдерін оқыды. Ж. Жабаев мұражайына виртуалды экскурсия жасады. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімгерлердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу.