СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН БІЛІМГЕРЛЕР УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫН ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркияның Нийде қаласында орналасқан Нийде Омер Халисдемир университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығының білімгерлері Нийде Омер Халисдемир университетінің  ректоры профессор Hasan Uslu’ya-ны 16 желтоқсан 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, қонақжайлылықтары үшін алғыс айтты.

Hasan Uslu’ya барлық Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, түркі және қазақ халықтарының бауырластығы тұрақты болуын тілеп, білімгерлерімізге  алғысын білдірді.

Кездесу соңында білімгерлер университет ректорымен естелікке суретке түсті.

Сілтеме: https://www.instagram.com/p/CXkn1HBqjuO/?utm_medium=copy_link