Өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибеге арналған бағыттау конференциясы

2022 жылдың 21  қаңтарында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің филологтарды даярлау білім беру бағдарламасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтарының 3-4 курс білімгерлеріне онлайн форматта бағыттау конференциясы өткізді. Конференцияға кафедра меңгерушісі Ш.Кыяхметова, практикаға жауапты мамандар Л.Чалтикенова, Д.Есимбекова және жетекші-әдіскерлер қатысты. Білімгерлерге өндірістік және педагогикалық практикалардың өзіндік ерекшеліктері, қажетті құжаттары бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, педагогикалық этика мәселелері жайында сөз қозғалды. Конференция барысында білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.