Педагогикалық шеберлікті арттырудың қысқы мектебі

2022 жылдың 20 қаңтар күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, білім берудің жаңартылған мазмұнын және инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында, «Қысқы мектеп» бағдарламасының жоспарына сәйкес, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Академиялық комитетінің төрайымы Шыныбекова Айжан Сахановнаның ұйымдастыруымен өткізілді.

«Қысқы мектеп» жоспарына сәйкес келесідей тақырыптар ұсынылып, гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамымен талқыланды және оқу барысында қолдану туралы ұсыныстар жасалды.  

Жоспарға сәйкес келесідей тақырыптар баяндалды: «Тарихты оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі» әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының БББ жетекшісі, оқытушы-дәріскер Абдилданова Альбина Койшымановна және оқытушы-дәріскер Каратаева Динара Галимбаевна баяндады. «Педагог қызметкелерді жаңа аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары», оқытушы-ассистент Саржигитов Ерик Тортаевич. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау», оқытушы-ассистент Совет Ерханат баяндама оқыды.