Құттықтаймыз!

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы-2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша 45 отандық ЖОО-ның 150 оқытушысы үздік деп танылған. Қатарында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары да бар.

Рыскүл Тасболатова, Айгүл Алдабергенова, Мамиля Жақыпбекова және Дәурен Бекежанов «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан марапатқа ие болды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» атағын алған әрбір жеңімпаз төсбелгі және 2000 АЕК (6 млн теңге) көлемінде сыйақы алды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу универститетінің ұжымы мен басшылығы «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауының барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!