Стипендиялық бағдарлама

Шетелдік талапкерлерге (азаматтарға) арналған стипендиялық бағдарлама

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті шетелдік азаматтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының шетелдік талапкерлерге арналған степендиялық бағдарлама шеңберінде бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

Үміткерлер толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды 2022 жылдың 30 наурызынан 30 маусымына дейін онлайн түрде тапсыра алады.

Қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.

Толық ақпарат сайтта ұсынылған https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/post/151

 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне оқуға түсуге ниет білдірген шетелдік талапкерлер (азаматтар) кеңес алу және шақыру хатын алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына жүгіне алады.

Тел.: 8 (7282) 40 10 19; 8 708 198 52 54

Эл.адрес: intercenter@zu.edu.kz