І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай өткізілген география пәні мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік семинары

2022 жылы 6 сәуір күні университеттің 50 жылдығына орай Жаратылыстану жоғарғы мектебі Алматы облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «География сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың ашылуын Жаратылыстану жоғарғы мектебінің деканы п.ғ.к., доцент Жанатбекова Назым Жанатбеккызы бастап, университет 50 жылда жеткен жетістіктері ашылған мамандықтары жайында толық ақпарат беріп өтті. Семинарға Талдықорған, Текелі қалаларының, Ақсу, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал аудандарының география пәнінің мұғалімдері қатысқан. Маңызды іс шараны г.ғ.к., Токпанов Еркин Аипович, облстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығынің  әдіскері Ғалымжан Дихамбаев жүргізді.

Ғылыми-әдістемелік семинар барысында электронды интернет карталарды география сабақтарында тиімді пайдалану негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың, PISA тапсырмаларын құрудың  тиімді әдістері мен технологиялары қарастырылды.