ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика және психология жоғары мектебі 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 6В01201 – «Мектепке дейінгі оыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша 2022 жылғы 24-25 ақпан аралығында ф.ғ.к., оқытушы-дәріскер Р.О. Асылова, п.ғ.м., оқытушы-дәріскер А.С. Таурбекова мен п.ғ.м., оқытушы-дәріскер Н.С. Алпысбаеваның ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. 

Олимпиадаға 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 6В01201 – «Мектепке дейінгі оыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: мамандықтар бойынша студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, логикалық ойлауын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұжымда және жеке жұмыс істей білуді қалыптастыру.

Олимпиаданың міндеттері: студенттердің таңдаған мамандығының негіздерін оқуға қызығушылығын ынталандыру. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейім студенттерді анықтау.    Таңдалған мамандық бойынша инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделеуді ынталандыру.

6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиаданың құрылымы:

1. Дайындық кезеңі – Таныстырылым.

2. Теориялық (эссе)

3.  Практикалық (презентация).

6В01201 – «Мектепке дейінгі оыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиаданың құрылымы:

I кезең  «Тәрбиеші – ұлағатты тәрбиенің тірегі» командалардың өзін-өзі таныстыруы  (5 мин)

Мақсаты: Студенттердің тәрбиеші тұлғасының жоғары әлеуметтік маңыздылығын насихаттау. Байқау 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Бағалау критерийлері:

– тәрбиеші мамандығының маңыздылығын көрсетуі;

– таныстыру ерекшелігі;

– тақырыпқа сәйкестілігі;

– қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, артистизм;

– регламент сақтауы.

II кезең  Теориялық (тест)

III кезең. «Болашақ маман шеберлігінен…..»   практикалық байқауы

Балабақшада оқу қызметін ұйымдастырудан үзінді видео таспада көрсету   (15 минут)

Мақсаты: студенттің болашақ маманы ретіндегі кәсіби-педагогикалық-шығармашылық құзыреттілігін ашуға ықпал ету.

Бағалау критерийлері:

  • педагогикалық мақсатқа бағыттылық;
  • кәсіби педагогикалық мәселені шешудің айқындылығы;
  • инновациялық технологияны қолдану;
  • балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытты ұтымды пайдалану;
  • байқау 5 баллмен бағаланады;

берілетін уақыт – 15 минут;

6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиада комиссиясының қорытындысы негізінде жүлделі орынға төмендегі студенттер ие болды:

1 орын –Галиоллаева Айжан, Тумарбаева Маржан, Чинетова Аяулым, Аязбек Айзада.

2 орын – Аяджан Майя, Нұркелді Шұғыла, Дандығұлова Самал, Нурсанова Айым.

3 орын – Қасымханова Меруерт, Байтубекова Асель, Жамашева Алтынай, Болысбекова Аяжан.

6В01201 – «Мектепке дейінгі оыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиада комиссиясының қорытындысы негізінде жүлделі орынға төмендегі студенттер ие болды:

1 орын – Құрманбекова Ақерке Маратқызы, Торахан Аружан Қуандыққызы, Рахманбек Айгүл Құрманғалиқызы, Сейдрасыл Сымбат Махсатқызы.

2 орын – Құрметбек Ардақ Есболқызы, Аманжолова Жанель Руслановна, Күмісбек Тоғжан, Тлеуханқызы Сандуғаш.

6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мен 6В01201 – «Мектепке дейінгі оыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламалары студенттерінің пәндік олимпиадасында жүлделі орын алған студеттер Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға жолдама алды.