Кездесу

«Мен таңдаған мамандық» атты Алматы облысы бойынша колледж бітіруші түлектерімен онлайн форматта кездесу

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2022 жылдың 28 сәуір күні  «Мен таңдаған мамандық» атты Алматы облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің бітіруші түлектерімен Zoom платформасы және YouTube желісі арқылы онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен құрылымдық бөлімдер және колледж бітіруші түлектер қатысты.

Іс-шара барысында колледж бітіруші түлектерге университетіміз туралы бейнеролик, таныстырылым көрсетілді. Жоғарғы оқу орнына түсу, мамандық таңдау жайлы және тағыда басқа қосымша ақпараттар берілді. Сонымен қатар, колледж түлектері сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.