Міндетті жұмыс өтемі

5 мамырда Алматы облысы Білім басқармасының маманы Саида Саманова Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты негізінде 2021-2022 оқу жылы бітіруші түлектерге арналған «Міндетті жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта ZOOM платформасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Іс-шара барысында бітіруші түлектерді жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпараттар айтылып, Алматы облысының қандай мекемелерінде міндетті жұмыс өтемін өтеуге болатыны және қандай құжаттар өткізілу керек екендігі туралы және өзге де  мәліметтер берілді.

Қатысқан бітіруші түлектер тарапынан міндетті жұмыс өтемі бойынша қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берілді.