«Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және бизнес—орта» жобасы бойынша семинар
2022 жылдың 10 маусымда Еуропалық Одақтың Горизонт 2020 MSCA-RISE «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және бизнес орта» (https://centralasianlaw.blogg.lu.se/) жобасы аясында университетіміздің қонағы, Мармара университетінің өкілі (Стамбул, Түркия) – Огуз Доркен Құқық және экономика жоғары мектептің оқытушылары, магистранттары мен докторанттарына семинар өткізді. Семинар барысында Огуз Доркен жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, «Қазақстандағы трансшекаралық дәрменсіздік туралы ЮНСИТРАЛ типтік Заңын енгізумен байланысты проблемалар мен мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады. Огуз Қазақстанға Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениеті мен заңнамалық базасын зерттеу мақсатында келді. Ол зерделейтін сұрақтардың күрделілігіне қарамастан, оның Заңтану және елдің экономикалық дамуы саласындағы өзекті мәселелерді қозғайтын зерттеулері семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын және көптеген сұрақтарды тудырды, және қойылған сұрақтарға жауап алынды.
Семинардың мақсаты — «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және бизнес орта» жобасының нәтижелерін әртүрлі мақсатты аудиторияларға жеткізу үшін ақпарат тарату. Бұл 4 жылдық жоба – Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, жергілікті іскерлік орта және басқару арасындағы өзара байланысты жақсы түсінуге және түсіндіруге жәрдемдесуді мақсат ететін зерттеу және оқу бағдарламасы.