Хабарландыру

Құрметті Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары мен білім алушылары!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамырдан бастап 30 қарашаға дейін өтеді. Биылғы жылы магистратура және резидентура бойынша оқуға 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін іріктеу 3 турда өтеді:

1. Кешенді тестілеу;

2. Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесу;

3. Құжаттарды шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында қарау.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/startoval-priem-dokumentov-dlya-prisuzhdeniya-mezhdunarodnoj-stipendii-bolashak