Қонақ дәрісі

Мармара университетінің (Түркия Республикасы, Стамбул қ.) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы (Ph.D) Erhan Dogan

«Online teaching experience: advantages and disadvantages» тақырыбындағы қонақ дәрісі

Профессор-оқытушылар құрамының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Мармара университетінің (Түркия Республикасы, Стамбул қ.) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы (Ph.D) Erhan Dogan келді.

Оның келуі аясында Жетісу университетінің қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ жас ғалымдары үшін бірқатар семинарлар мен тренингтер өткізу жоспарлануда.

06.09.2022 жылы сағат 16:00-де «Online teaching experience: advantages and disadvantages»тақырыбында қонақ дәрісі өтеді. Спикер Мармара университетінің (Түркия Республикасы, Стамбул қ.) саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы (Ph.D) Erhan Dogan болады.

Барлық ниет білдірушілерді университеттің бас корпусының 313 конференц – залында өтетін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.