Байқау

2022 жылдың 07 қазанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Қазақстанның сакралды орындары аясындағы студенттердің аймақтық экспедициясы» атты тұжырымдама негізінде тарих және тарих-география білімгерлері арасында «Жетісу өңірінің киелі жерлері» атты ғылыми-танымдық жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың алғы сөзін «Рухани жаңғыру ғылыми білім беру орталығының» аға ғылыми қызметкері, Қауымдастырылыған профессор (доцент), филос.ғ.к. К. Аликенова және Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, филос.ғ.к. Қ. Рысбеков ашты.

Ғылыми-танымдық жобалар байқауы нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен тарих мамандығының 2 курс білімгерлері (ТҚ 211) марапатталды.
Ғылыми-танымдық жобалар байқауы нәтижесінде ІІ-дәрежелі дипломмен география — тарих мамандығының 3 курс білімгерлері (ГТҚ 311) Қарынбаева Ақерке және Рысбай Ақнұр марапатталды.

Ғылыми-танымдық жобалар байқауы нәтижесінде ІІІ-дәрежелі дипломмен география — тарих мамандығының 2 курс білімгерлері (ГТҚ 211) марапатталды.
«Жетісу өңірінің киелі жерлері» атты ғылыми-танымдық жобалар байқауына қатысқан қалған білімгерлер «Алғыс хатпен» марапатталды.