«Білім кемесінің 50-көктемі» «WOW SHOW» өнер байқауы

Құқық және экономика және Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектептерінің ұйымдастыруымен Университеттің 50 жылдығына орай «WOW SHOW» форматындағы «Білім кемесінің 50-көктемі» атты өнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ПОҚ мен білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту және екі жоғары мектеп арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.