«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ -МӘРТЕБЕСІ»

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Сонымен қатар, «тіл мәселесі» біздің еліміз үшін өзекті болып қала береді. 2022 жылдың 20 қазанында тәрбиелік мақсатта Шет тілдері және Аударма кафедрасының оқытушы-ассистенті М. Ж. Қалибаеваның «Мемлекеттік тіл -мәртебесі» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаттары қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту қажеттілігін көрсету; мемлекеттік тілді үйренуге және қолдануға қызығушылықты ояту болды.