Қонақ дәрісі

«Вовлеченность в работу и психологическое благополучие педагога» тақырыбындағы қонақ дәрісі

2022 жылдың 4 қарашасында физика ғылымдарының докторы, Даугавпилс университетінің доценті (Латвия, Даугавпилс) Ignatjeva Svetlana «Вовлеченность в работу и психологическое благополучие педагога» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Дәрісте Ресей, Латвия және Қазақстан педагогтерінің жұмысқа тартылуы мен психологиялық әл-ауқатын зерттеу нәтижелері ұсынылды. Тыңдаушыларды зерттеу нәтижелері де, оны жүзеге асыру ерекшеліктері де қызықтырды. Пікірталас барысында үлгілердің репрезентативтілігі мен көлемі, сынақ құралдарын әзірлеуге, бейімдеуге және сынақтан өткізуге байланысты мәселелер талқыланды.