«Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ»

8 қараша 2022ж  Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары А.К. Токтанова «Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ» (Ж. Аймауытов) атты ғылыми семинар өткізді. Семинар ғылыми жобаларға қатысу шарттары, ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы мәселелерді қамтыды. Ғылыми семинарға Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының ғылыми қызметкері,  филология ғылымдарының докторы, профессор Г.В. Косяков қатысып (онлайн), өз ойын ортаға салды. Семинарға жоғары мектептің оқытушылары қатысып, тақырып бойынша пікір бөлісті.