Семинар

2022 жылдың 7-ші қарашасында хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys «Key Issues of Contemporary Research»  тақырыбында семинар өткізді

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап хабилиттенген әлеуметтік ғылымдар докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Литва Республикасы, Вильнюс қ.) Rimantas Želvys дәріс оқиды.

Сапар бағдарламасына сәйкес «Key Issues of Contemporary Research» тақырыбында семинар өткізілді, оған университет магистранттары мен докторанттары арасынан жас ғалымдар қатысты. Семинар барысында халықаралық және пәнаралық зерттеу, PISA, TIMSS PIRLS және т.б. қоса алғанда,халықаралық зерттеу бағдарламаларының нәтижелері сияқты мәселелер талқыланды.