«IQ дода»

18 қараша күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс ҚТӘ111 және ҚТӘ112 топ студенттері  арасында «IQ дода» зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты – студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайыс жеңімпаздары Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының І, ІІ, ІІІ орын дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар берілді.