«ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ»

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасының № 519 бұйрығы негізінде «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты республикалық байқауы өткен болатын. Университетіміздің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Шетел тілдері және аударма ісі» БББ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Шыныбекова Айжан Сахановна осы байқауға қатысып «ОҚУ-АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» төсбелгісімен және 1-дәрежелі дипломмен мараптталған болатын. А.С.Шыныбекованы наградасымен Университет Ғылыми Кеңесінің ұжымы құттықтап, марапатын табыстады. Жүлделі жеңісіңіз құтты болсын, Айжан Саханқызы!!!