«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ»

2022 жылдың 30 қарашасында Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша БББ ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздгі күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты тарихи кеш болып өтті. Кешті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қ. Рысбеков және оқытушылар мен білімгерлер тамашалады. «Аталған іс-шараның маңызы өте үлкен. Себебі қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігіне бүгінде 31 жыл толып отыр. Келешек ұрпақтың мақсаты осы тәуелсіздікті сақтап қалу. Осы орайда білімгерлерді патриоттық рухы биік етіп тарбиелеу біздің борышымыз »-деп атап өтті декан. Жалпы бұл кеште «Тарих», «Журналистика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының білімгерлері Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы екі тарихи кезеңіне арналған (Алаш қозғалысы және Желтоқсан көтерілісі) сахналандырылған көріністер қойып, өлеңдерін оқыды. Кешке келген көрермен қауым жылы ықыластарын білдіріп, шараның ұйымдастырылу деңгейінің жоғарылығын және білімгерлердің образдарды тамаша сомдағандығын атап өтті.