Байқау

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» эссе жазу байқауының ережесі

Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеті:

Байқау арқылы студенттердің патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамыту. Отанға, туған елге, жерге деген құрметін күшейту, ұлттық сананы қалыптастыру. Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбын шығармаға арқау ету. Талантты жастарға қолдау көрсету.

Байқаудың талаптары мен шарттары:

1. Байқау І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасында өтеді.

2. Әр қатысушы өз таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде эссе ұсына алады: (А4 форматында, Times New Roman 14 шрифт, 1,0 интервалымен, 2-беттен аспауы тиіс.)

Бағалау критерийлері: Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды бағалауда келесі шарттарды басшылыққа алады:

• тақырыптың ашылуы, ойдың логикалық бірізділігін сақтауы;

• мазмұны, ой тереңдігі;

• эссенің өзектілігі мен жаңалығы;

• грамматикалық жағынан сауатты жазуы;

• өзіндік көзқарасын білдіруі.

1. Әр үмiткердiң сөзік қоры, сөз көркемдігі, идеялық серпіні ескеріледі.

2. Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексерілетін болады.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысушы өз шығармасын 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін gazeta.zhgu@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек. Үміткер өзінің тегі, аты-жөнін, байланыс телефоны, эллектрондық поштасын толық жазып көрсетуі тиіс. Байқау жүлдегерлері Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған жұмыстар қаралмайды.

Байланыс телефондары: ішкі 12-00, ұялы: 8 701 771 51 57 E-mail: gazeta.zhgu@mail.ru