Оқыту семинарын ұйымдастыру туралы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  Гуманитарлық ғылымдар жоғары   мектебінің  орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұсынысы бойынша  2022 жылғы 1 желтоқсанда Жетісу облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  «Орыс тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті орыс тілінде оқытпайтын мектептерде» мамандықтарының 3,4 курс студенттеріне  «Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар  ұйымдастырды. Семинарды қала және облыс мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері өткізді. Олар студенттермен жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге әдістемелік әзірлемелер ұсынды. Семинардың мақсаты – студенттерге 2023 жылғы 9 қаңтардан басталатын педагогикалық іс-тәжірибе өтуге дайындық кезінде  әдістемелік қолдау көрсету. 

Гуманитарлық ғылымдар жоғары   мектебі Орыс тілі мен әдебиеті БББ Жетісу облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры м.а.  Галия Жолтаевна Мухметоваға, бөлім жетекшісі Ардак Муратовна Адильбаеваға,  орталық әдіскері Арай Амирбековна Торпақоваға, Сарқан ауданының Абай атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Наталья Сергеевна Максименкоға, Талдықорған қаласының  №12 ОМГ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер   Елена Рустамовна Филимоноваға семинарды ұйымдастыруда    көрсеткен  көмегі   және озық тәжірибесімен  бөліскендері үшін алғыс білдіреді.