Педагогикалық практика бойынша таныстыру конференциясы

21.12.2022 Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің базасында 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті БББ-ның 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша конференция өтті.Конференцияны п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Н.Ж.Сералиева, магистрлер, орыстілі мен әдебиеті БББ-ның оқытушы-дәріскерлері  Б.Т.Рысдаулетова, К.А.Чеснокова өткізді.Тәжірибе жетекшілері студенттерге құжатты рәсімдеудің тәртібі мен мерзімдерін, ережелерін түсіндіріп, практикадан өтетін базаларымен таныстырды.

Біздің практиканттарға сәттілік тілейміз!