Қысқы меткеп

09-13 қаңтар аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі, білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық офисі және жоғары мектептердің ұйымдастыруымен педагогикалық шеберліктің Қысқы мектебі өткізіледі.

Ондағы мақсат университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, оқу процесіне жаңартылған білім беру мазмұны мен инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыс мазмұнын жетілдіру болып табылады.

Педагогикалық шеберліктің Қысқы мектебі шеңберінде өткізілетін семинарлар мен шебер-сыныптар барысында семинарға қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу жетістіктерін бағалау, оқу процесінде заманауи сандық технологияларды қолдану, жаһандық даму үдерісіндегі педагог құзіреттілігі, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу, заманауи оқыту технологиясын пайдалану негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту дағдыларын жетілдіреді.