Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеге арналған бастапқы конференциясы

2023 жылдың 09 қаңтарында 09:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен 6В01601 «Тарих» білім беру бағдарламасының 4 курс ТҚ 411 топ білімгерлеріне өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе жоспарланған. Соған сәйкес 2023 жылғы 09 қаңтар – 13 мамыр аралығында қала мектептерінде өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеден өтеді. «Тарих» білім беру бағдарламасының           4 курс  білімгерлеріне бастапқы конференция өткізді. Конференцияға әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі А.Абдилданова, жетекші-әдіскерлер Д.Қаратаева, Д.Абиров қатысты. Жалпы білімгерлерге өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, өте жоғары жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.