ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БББ ФИЛИАЛЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2023 жылдың 11 қаңтарында «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының оқытушылары Талдықорған қаласындағы №16  орта мектептің педагогикалық ұжымының өкілдерімен бірге филиалдың отырысын өткізді.

Жиын барысында мектеп оқушыларының орыс тілі мен әдебиетін оқудағы мәселелері, білікті мамандар даярлаудағы қиындықтар талқыланды. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға ерекше назар аударылды, 6В01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті және 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті оқу бағдарламаларының құрылымына нақты пәндерді енгізу туралы ұсыныстар жасалды.