«Қазақ киносының тарихы»

2022 жылдың 29 желтоқсанында ақпараттық жүйелер БББ 4 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасымен «Қазақ киносының тарихы» атты кураторлық сағат жүргізілді. Аталған іс-шараны оқытушы-дәріскер А.Елепбергенова ұйымдастырып, өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты – кино өнерінің тарихы туралы мәлімет беру, киноның тәлім – тәрбиесін, маңызын түсіндіру, ой-өрістерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, отандық киноға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Студенттер қазақ киносының тарихымен, сондай-ақ Б.Р.Нөгербек, Г.Қ.Наурызбекова, Н.Р. Мұқышеваның «Қазақ киносының тарихы» атты оқу құралымен таныстырылды.