Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023 жылдың 17-20 ақпан аралығында э.ғ.д., профессор Данияр Алтаевич Калдияровтың 60 жылдығына арналған «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында ғылым мен білімнің тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция жұмысының бағыттары: 1. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2. Қазақстан Республикасында мемлекет пен құқықты дамытудың өзекті мәселелері. 3. Өңірлер мен ел экономикасының тұрақты дамуы жағдайында педагогикалық білім беруді дамыту. Конференция шеңберінде жалпы жүлде қоры 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайтын бакалавриат бағдарламасының білім алушылары үшін мақалалар конкурсын өткізу жоспарлануда (конференцияда мақаланы баяндау міндетті). Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Материалдарды рәсімдеу тәртібі: Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1,0, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, қалың қаріппен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады. Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс. Баяндаманың электрондық нұсқасы (жұмыстың бағытын көрсетіп) келесі электрондық поштаға жіберілуі керек kaldiyarovconference@mail.ru Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген, басқа электрондық поштаға жіберілген материалдар қаралмайды. СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫНДА БАЯНДАМАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ҮЛГІ БОЙЫНША POWERPOINT (.PPT) ФОРМАТЫНДА ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМА ДАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ. Баяндамамен бірге (жеке файлмен) төмендегідей тіркелу жіберілуі тиіс:

Аты-жөні, тегі:__________________________________________

Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы:______________________

Жұмыс орны:___________________________________________

Мекенжайы:____________________________________________

Телефоны:______________________________________________

Е-mail:_________________________________________________

Баяндама тақырыбы, секциясы: ____________________________

Баяндамалар мен тіркелу қабылдау 2023 жылдың 6 ақпанына дейін. Конференция нәтижелері бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы қалыптастырылып, конференцияға қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі. Конференцияға қатысу және мақаланы электронды жинаққа орналастыру ТЕГІН. Секцияларда баяндама жасау уақыты бойынша қосымша хабарлама жіберіледі. Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Құқық және экономика жоғары мектебі, 220 каб. Телефон: Кыдырбаева Эльмира Омирсериковна 8 701 758 52 63, Нұрмуханқызы Дания 8 705 776 02 77 E-mail: kaldiyarovconference@mail.ru

Zoom конференциясына қосылу үшін Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/7793949495?pwd=XN6D67e6dbYb4RhGSuWGlSHa6UzWCU.1 Конференция идентификаторы: 779 394 9495 Кіру коды: 4545 Күні мен уақыты: 20.02.23, 15.00-де