Академиялық ұтқырлық

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде ішкі және сыртқы Академиялық ұтқырлық белсенді жүзеге асуда. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 2022-2023 оқу жылының 2-семестрде Кыргызстан Республикасы, Заманауи халықаралық университетінен 6В01705 Шетел тілі:екі шетел тілі білім беру бағдарламасына 9 білімгер, 6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасына 5 білімгер оқуға  қабылданды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01705 Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламаларына  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білімгерлері 2-семестр, 1 академиялық кезеңге оқуға қабылданды. Сондай-ақ,  6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс білімгері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ішкі академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға бағытталды. Білімгерлерге оқуда сәттілік тілейміз!