Журналист өз ұстанымдарына адал болуы керек

Журналистика және ақпарат БББ оқу радиостудиясының «Қонақпен жүздесу» бағдарламасында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жұмахмет Жанахметұлы қонақта болды.

Сырлы сұхбат журналистің шығармашылық әлемге келуінен басталу алды. Телевизия мен газеттің айырмашылығын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. Сұқбат барысында тіл шұбарлығы, қазіргі жастардың тәрбиесі мен қоғамдық ахуал сөз болды.

– Журналистің өзіндік жеке пікірі мен позициясы болуы керек. Ол өзінің өмірлік ұстанымы мен принципіне қашанда адал болуы – мамандыққа деген адалдығының өлшемі деп білемін,-деді Жұмахмет Жанахметұлы