Байқау

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өнерлі жастардың «Үздік» байқауы өтті. Шараға білім ордасындағы жоғары мектептерден жас дарындар қатысты.Көрерменге көңіл-күй сыйлап, көрнекті сайыс өрнегін көрсеткен студенттер үш номинация бойынша өзара сынға түсті.

Нәтижесінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білімгері Арина Михайлова үздік әнші атанды. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Heart Beat» би тобы үздік бишілер деп танылды. Ал, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті Нұрай Базарбай үздік аспап орындаушысы аталымын жеңіп алды.

Жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау қатысушыларына алғыс хат беріліп, үздіктерге 50 000 теңге