«Studlife» бағдарламасының алғашқы саны

Журналистика және ақпарат БББ оқу радиостудиясының «Studlife» бағдарламасының алғашқы санында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің белсенді білімгері, жас кәсіпкер Асқар Рахимов қонақта болды.

Сұхбат барысында кәсіпті таңдау және оның қыр-сыры жайлы сөз қозғады. Бизнес жолындағы әртүрлі мәселелер және оның шешімі жайлы айтып өтті. Сондай-ақ Enactus бірлестігі және оның жас кәсіпкерлердің жаңа бастамасына тигізетін ықпалы жайлы тілге тиек етіп, өзінің осы салада қолға алған жобасын таныстырып өтті.