«Шеберлік шыңына» тақырыбында ашық дәріс

24 ақпанда А.Торпакованың қатысуымен облыстық білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп орыс тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау бойынша БББ «Шеберлік шыңына» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты-пәндік құзыреттілікті дамытуда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Конференцияға облыстың жетекші мұғалімдері, бітіруші курс студенттері қатысты. Ашық дәрістерді ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Э.В.Ли, п.ғ.к.,  қауымдастырылған профессор (доцент) Н.Ж.Сералиева, білім беру бағдарламасының жетекшісі Б.Н. Есимкулов оқыды. Ашық дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Ашық дәріс іс-шараға қатысушылардың пікір алмасуымен аяқталды.