Оқу-әдістемелік семинар-тренинг

Әлеуметтік – гуманитарлық бб.БББ әдістемелік жоспарына сәйкес  1.03.2023ж. филос.ғ.к.,  оқытушы- дәріскері С.К. Рахипова,  Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі үжымына  әдістемелік семинар өткізді, семинар тақырыбы «Мидың жұмысын жақсарту құпиялары, миға арналған фитнес».

Семинар мақсаты: танымдық қабылеттерді шыңдау. Семинар барысында мидың құрылысы және оның жұмысының негізгі принциптермен, миға арналған фитнес: күнделікті жаттығулармен танысып, есте сақтау, зейін, зейінді шоғырландыру , сыни ойлауды дамыту, қайталау және дұрыс есте сақтауға арналған жаттығулар жасалынды.Семинар қызықты, практикалық қолданбалы, танымдық  деңгейі жоғары деп әріптестермен бағаланды. Семинар соңында, ұстаздардың семинар барысында алған әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік берілді. Болашақта  тағы  осы  бағыттағы  семинар жоспарлануда.