СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2023 жылғы 01 – 30 наурызға аралығында «Шетел тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1-курс, ШТҚ-121 студенттеріне «Екінші шетел тілі А2 (Түрік тілі)» курсы өтті. Курсты Түркия мемлекеті, Нийде Омер Халисдемир университеті түрік тілі және әдебиеті кафедрасының докторы (PhD) Ердинч Демирай жүргізді.