Тәрбие сағаты: Адал бол!

 31 наурыз күні “География-тарих” білім беру бағдарламасының ГТҚ311, ГТҚ411, ГҚ411, ГИР411 топ білімгерлерімен, жетекшісі Дюсембинова С.М. сыбайлас-жемқорлық аясында “Адал бол!” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Жемқорлық дегеніміз не? Лат.corruptio – сатып алу-мемлекеттік басқару құрылымдағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесіне үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс – әрекеттері. Жемқорлықтың зардабы:Экономикалық өсу қарқынның тежелуіне,әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқуынуына ұрындырады,жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

 Қорытындылай келе,Жемқорлық рас, жаһанға жайылған кесапат. Ол кесапатты әлемде кез келген қу тұяқ таратып жүре беретін болды. М/лы Мұхиттың арғы жағынан бір ысқаяқ  Қазақстанаға келедіде шаруаңды жайғап, қарыныңды майлап беремін деп соғады. Біздің кісілер оған, әрине, бек сенеді де «Орамал тон болмасада жол боладының» кәдесін жасап береді. Одан кейін әлемдік деңгейде шу шығады. Ол шуды басу үшін , әлекедей жалынып тағы бір қу шығады.Жемқорлық өрмекшінің торы сияқты жер жиһандағы елдердің бәрін шырмап алған құбылыс. Трансперенси Интернешнл халықаралық ұйымның мамандары қай мемлекетте кедейшілік басым, қай мемлекетте әлеуметтік ахуал ұшығып тұр сол мемлекетті пәреқорлық , жемқорлық, коррупция жайлаған дейді.