Кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде бакалавриат білім беру бағдарламаларын аяқтаушы түлектердің міндетті жұмыс өтемі бойынша «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен кездесуі өтеді.

Жиын гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, техникалық ғылымдар жоғары мектебі мен құқық және экономика жоғары мектебі түлектерінің қатысуымен сағат 15:00-де өткізіледі.

Педагогика және психология жоғары мектебі, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі, жаратылыстану жоғары мектебін аяқтаушылар үшін сағат 16:00-де ұйымдастырылады.