Меморандум

«Талдыкорганкабель» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Талдықорғанкабель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Талдықорғанкабель» ЖШС директоры Юн Евгений Жетісу университетімен әркез бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін айтты.

«Қазіргі таңда екінің бірі заңгер, экономист болғысы келеді. Электротехник және энергетик тапшы. Ал, бізге жоғары білімді, білікті маман қажет. Осы орайда сіздермен серіктес болғанымызға өте қуаныштымыз» – деді.

Басқарма төрағасы – ректор Қуат Баймырзаев Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті техникалық ғылымдар жоғары мектебінде бірқатар жаңа мамандықтар ашылатынын жеткізді. Тараптар студенттермен магистранттардың практикаларын ұйымдастыру мәселесін талқылады.