НАШАҚОРЛЫҚ ҒАСЫР ДЕРТІ

2023 жылдың 7 сәуірде 11:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық бойынша білім беру бағдарламаларының «Тарих» мамандығының 1-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т.Калиева  “Нашақорлық ғасыр дерті” атты кураторлық жоспар негізінде ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық ашық сабаққа гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Кураторлар кеңесінің төрағасы» әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскер Ж.У. Калелова қатысты.

Ашық кураторлық сабақ барысында Нашақорлыққа қатысты статистикалармен танысып, білімгерлердің арасында сұрақ-жауап, дебат  форматтарында өткізілді.

Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.