Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы қоғам мәселесі

07.04.2023 жылы Жаратылыстану жоғары мектебі, Педагогикалық информатика бойынша БББ-нің оқытушы-лекторы Есейқызы Айымның ұйымдастыруымен «Математика-Информатика» БББ-нің 1-курс студенттеріне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – «сыбайлас-жемқорлықтың» салдарлары мен пайда болу жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру, студенттердің бойында құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысында студенттерге қоғамда пайда болуы мүмкін әр түрлі кейстер берілді. Сол кейстердің негізінде, проблемадан шығу жолдары, заманауи, заңды шешу жолдарын ұсыну талап етілді. Соның негізінде, студенттердің кез-келген қиын жағдайды, ақылға және заңға сүйене отырып еңсерсе болатынына көздері жетті. Сондай-ақ, қоғамымыздың бақытты болашағын тежейтін сыбайлас жемқорлықтың зардаптары көп екенін ойларына түйіп қайтты.