Жас ғалымдар

Қазақстан Республикасында ғылым апталығын өткізу аясында, 2023 жылғы 11-12 сәуірде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Лемещенко Олеся Витальевна Астана қаласында өткен бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты:

  1. Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық Кеңестің шетелдік мүшелерінің дәрістері тыңдалды (11 сәуір, Astana IT University);
  2. XV-ХІХ ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің көне карталарының көрмесіне қатысып, «Тарих ағымындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігін зерттеу» кітап-атласының авторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың дәрісі тыңдалды. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті (11 сәуір, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
  3. «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» диалог алаңына қатысты. Диалог алаңы барысында кәсіпкерлер аяқталған ғылыми жобалардың ойынын тыңдап қана қоймай, дайын өнімдермен танысып, бірқатар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдады (12 сәуір, АХҚО);
  • Қазақстан Республикасы Жас ғалымдар кеңесінің отырысына қатысты. Жас ғалымдар кеңесінің және жалпы ғылымның даму перспективалары талқыланды (12 сәуір, Astana IT University).