Брейн-ринг

I. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ZhU Brain Games» тақырыбында алғашқы брейн-ринг өтті. Жарысқа университеттің барлық жоғары мектептері мен колледжінің студенттері қатысты. Жарыс 5 кезең болды. Қатысушыларға университет тарихына, қазақ халқының дәстүрлеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға қатысты сұрақтар қойылды. Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған командалар бағалы сыйлықтар мен дипломдар алды. Сонымен қатар құқық және экономика жоғары мектебінің студенттері ұйымдастырушы ретінде қатысты.