Кездесу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қаржы орталығы» АҚ бірлесіп міндетті жұмыс өтемі бойынша кездесу өткізді. Жиынға «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілдері Жанар Саметқызы мен Анель Даниярқызы, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мамандары, жоғары мектеп декандары қатысты. Шараға мемлекеттік білім беру грантының негізінде оқып жатқан бакалавриаттың 178,  магистратураның 62 және докторантураның 19 білімгері, жалпы 259 бітіруші түлек қатысты. Кездесу барысында «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері міндетті үшжылдық жұмыс өтеміне байланысты түсініктеме берді. Сонымен қатар өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Соңында қатысушылар міндетті үшжылдық жұмыс өтемінің тәртібіне және заңнамаға сай жұмысқа орналасу жөнінде сауалдарына жауап алды.