«Парақорлық түбі қорлық»

2023 жылдың сәуірдің 18 жұлдызында Жаратылыстану жоғары мектебінің «Химия» мамандығының 1 курс білімгерлерімен топ кураторы С.А. Маманова сыбайлас жемқорлық аясында «Парақорлық  түбі қорлық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды терең түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Әрбір адам өз еліне, мемлекетіне адал қызмет ету парыз. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.