Жобалар

ЫНТАЛЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Ғылыми жоба шеңберінде біз әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси маңызы бар өзекті теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруды түсінеміз. Зерттеу жобалары дәлелді техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдерді ұсынады.

Университетте ғылыми зерттеулер тек гранттық қаржыландыру есебінен емес, сонымен қатар, ынталы ғылыми жобалар аясында да жүзеге асырылады. Ынталы ғылыми жобалар мамандарды даярлаудың бағыттарына бойынша және ҰМҒТСО тіркелген жоғары мектептердің өзекті ғылыми бағыттары мен тақырыптарына сәйкес жүргізіледі. Университетте соңғы 3 жылда 20 аса ынталы жоба аяқталып, қазіргі таңда 30 аса жоба жүзеге асырылуда.

Ынталы жобалар және ұйыммен шарт жасау бойынша орындалатын жобаларды мемлекеттік есепке алу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде тіркеу карталарды электрондық түрде www.is.ncste.kz  ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі.

Жобалардың есептері ҰМҒТСО базасына енгізіліп, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тіркеуден өткізіледі. Аталған тіркеу жоба жетекшілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.