НАШАҚОРЛЫҚ ҚОҒАМ ДЕРТІ

2023 жылдың 7 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері және топ кураторы Д. А. Абиров «Нашақорлық қоғам дерті» кураторлық жоспары бойынша «ашық кураторлық»сағат өткізді.
Ашық кураторлық сабақ барысында нашақорлыққа байланысты статистикамен танысты, сондай-ақ студенттер арасында Сұрақ-жауап және пікірталас форматтары өткізілді. Студенттерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, түпкілікті ой айтылды.