ТАЗА СЕССИЯ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

2023 жылдың 7 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері және топ кураторы Д. А. Абиров «Таза сессия»кураторлық жоспары негізінде ашық кураторлық сағат өткізді. Ашық кураторлық сабаққа гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Кураторлар кеңесінің төрағасы» әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Ж. У. Калелова қатысты.

Білімгерлерге тақырып аясында сұрақтар қойылып, талқыланып, қорытынды ой айтылды.